Оның ішінде - үш иір ойықты мылтық, 15 шолақ мылтық, 53 тегіс ұңғылы мылтық, бір электрошокер, екі травматикалық қару, 13 оқ-дәрі және қолдан жасалған екі тапанша бар.
Бұдан бөлек, «Қару» жедел-алдын алу шарасының алты күнінің ішінде азаматтар өз еркімен 24 атыс қаруы мен иір ойықты мылтықтың тоғыз оғын тапсырды.
Тексерістен өткен 5 656 қару иелерінің 261-і қаруды сақтау ережелерін бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Жамбыл облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.