деп хабарлады облыс прокуроры Бағбан Тайымбетов.
Прокуратура тарапынан жасалған актілер бойынша былтыр жалпы сомасы 779 миллион теңгенің жалақысы төленген.
«Мысалы, Талас аудандық прокуратурасы араласқаннан кейін ғана, «Талас-Тазасу» кәсіпорны 22 жұмысшысының алдындағы жартыжылдық берешегін - 1,6 миллион теңге соманың берешегін өтеді»,- деді облыс прокуроры.
Прокуратура органдарының өткен жылғы қызметі заңдылықты әрі қарай нығайтуға, қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресуге, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғанын атап көрсеткен Б.Тайымбетов: «13 отырыста аймақтың ең өзекті мәселелері: ұйымдасқан қылмыспен, экономикалық контрабандалармен, заңсыз миграциямен күресу, т.б. мәселелер қаралды», -деді.
Өткен жылы аймақтың әлеуметтік-экономикалық саласында жүргізілген тексерулердің барысында 8 763 заңсыздық факті анықталған. 2009 жылы мұндай фактілер - 8 124 болған еді, дейді прокурор.