Жамбыл облысының Степное ауылында тұрғын үй өртенді
07:39, 28 Желтоқсан 2013
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Степное ауылында бүгін түнгі сағат 00:30-да тұрғын үйден өрт шықты.
Тілсіз жау екі сағаттан кейін сөндірілді. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Жамбыл облысының өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы мен жеке құрамының 3 адамы жұмылдырылды. 30 шаршы метр аумақ отқа оранды. Иіс тиіп уланған 1985 жылы туған ер адам ауруханаға жатқызылды.