Жамбыл облысының таулы аймақтарында сел қаупін төндіретін 18 өзен бар
Мамандардың бағалауынша, мол қар мен жаңбыр суы тасқын мен селді туындатуы мүмкін. Ал ылғалдың көп түсуі өзендердегі су деңгейін күрт көтеріп, тасқынға соқтыруы кәдік.
«Жамбыл облысының таулы аймақтарында сел қаупін төндіретін 18 өзен бар,-дейді «Қазселденқорғау» МБ облыстық филиалының басшысы Дахидин Кутербаев.
Бұндай өзендерге Мақпал, Карақат, Көк дөнен, Шалсу, Шөңгер, Рысқұлов ауданындағы Қарақыстақ, Меркі, Аспара, Талды бұлақ ,Меркі ауданындағы Түзу сұрат, Жуалы ауданындағы Ақсай, Көксай, Қордай ауданындағы Қарақоңыз, Қақпатас, Ырғайты, Қалғұты және Талас ауданындағы Тамды жатады. Сондай-ақ Тасөткел су қоймасы, Билікөлде де су тасуы ықтимал,- деп түсіндірді Д. Кутербаев.
Оның айтуынша, облыс аумағында қауіпті учаскелерді «Қазселден қорғау» Жамбыл облыстық эксплуатациялық басқармасының 19 маманы қадағалауда.
Екі жедел топ құрылып, көлікпен қамтамасыз етілген.