Аталмыш ведомствоның басшысы Ерік Көшербаевтың айтуынша, ақы төлемейтіндермен нақты жұмыстар атқарылуда, соның нәтижесінде жылу және ыстық су бойынша коммуналдық төлемдерден жалтарып жүргендерге қатысты сот жолымен 1057 іс шешілуде.
Қазіргі күні 27 миллион теңгеден астам қарыз төленді.
Жамбылдық жылу жеткізушілер осы тәжірибені қолданысқа енгізіп, жылу мен ыстық суды қарыздары жоқ үйлерге ғана жеткізіп отыруды жоспарлап отыр.