Жамбыл облысының тұрғыны есірткі саудалағаны үшін 11 жылға сотталды
Соттың баспасөз қызметінен мәлім болғанындай, Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғыны Б-ға қатысты ҚР ҚК-нің 297 бабы, 3-бөліміне қатысты (бір топ адамдардың есірткілік заттарды ірі көлемде саудалау үшін алдын ала сыбайласып алып, оны заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) қылмыстық қаралған.
«Қылмыстық істің материалдары бойынша, Б. ірі көлемде есірткі сатпақ болады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкері сатып алушы ретінде есірткі саудалаушымен байланысқа түседі. Сөйтіп, жалпы салмағы 30,05 келі болатын ірі көлемдегі гашишті сатқан соң, Б-ны құзырлы орган өкілдері қылмыс үстінде құрықтады»,-деді делінген соттың хабарламасында.
Соттың үкімімен Б өзі жасаған қылмыстары үшін кінәлі деп табылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оның мүлкі тәркіленіп, жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында атқаратын болады. Сот үкімі әзірге күшіне енген жоқ.