Жамбыл полицейлері жол үстінде жас ананы босандырды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі патрульдік полициясының қызметкерлері жол үстінде жас ананы босандырып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2 тамыз күні ерлі-зайыпты Сәлімбаевтар Қордай ауданынан перзентханаға баражатқан. Алайда Алматы-Ташкент жолының 183 шақырымында олар тоқтауға мәжбүрболды. Бір жақсысы, көмек дереу келіп, – Жамбыл облысы Полиция департаментініңЖергілікті полиция қызметі патрульдік полициясының қызметкерлері – ағалейтенант Т.Сейімбетов пен лейтенант Б.Наурызбаев бірден ерлі-зайыптылардыауруханаға ала жөнеледі. Алайда перзентханаға дейін көлік жете алмады», -делінген департаменттің instagram парақшасында.

Осылайша, полиция қызметкерлерінің көмегімен көлік салонында шекесіторсықтай ұл дүние есігін ашты. Көп өтпей жедел жәрдем қызметі де жетіп,бақыттан басы айналған отбасы перзентханаға жеткізілген.