Өңірдегі бюджеттік мекемелерде еңбек ететін 40 мыңдай жұмысшының жалақысы орташа есеппен 35 пайызға көтерілді. Ал, ең төменгі айлық Жолдауда жүктелген межеге сәйкес 42 500 теңгеге өсті. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік жәрдемақылар 2 есеге дейін ұлғаймақ.
«23 кәсіпорын жұмыскерлерінің айлығын көтеріп отыр. Нәтижесінде бүгінгі күні облыс көлемінде жеке 1 609 кәсіпорында 20 900 жұмысшыға 42 500 теңге жалақы төлейтінін растады. 28 мыңнан 42 500-ге көтерілді», -дейді облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Серғали Айдапкелов.
Айта кетейік, жаңа жылдан бастап еліміз бойынша 2 миллион жұмысшының айлық жалақысы көтерілген. Ол Қазақстан аумағында еңбек ететін азаматтардың үштен біріне тең.