Жамбылда 11 көлік соқтығысып, жарақаттанғандар ауруханаға жеткізілді
23:56, 31 Тамыз 2021
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 11 көліктің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жамбыл облысы аумағындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тасжолының 393-шақырымында Алматы бағытында 11 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басапасөз қызметі хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бірнеше адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында бір тәулік ішінде 700-ге жуық жол ережесін бұзу дерегі анықталғанын хабарлаған болатынбыз.
Қазір Жамбыл облысының аумағында республикалық кең көлемді «Құқықтық тәртіп» және облыстық «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шаралары жүріп жатыр.