Спикердің айтуынша, республикалық және облыс бюджетіне түскен түсім 113 млрд теңгеден асқан.
Оның ішінде облысқа тоқталар болсақ, кіріс қаржы 79 млрд 417 млн теңгеден асады.
Бұл белгіленген жоспардан 6,5 млрд теңгеге артық орындалды дейді.
Пайыздық көрсеткішпен жергілікті бюджет кірісінің орындалуы – 109,1 пайыз. Ал республика бюджетіне 33 млрд 837 млн теңгеден аса қаржы түскен.
Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3 млрд теңгеге артық. Сондай-ақ, былтыр барлығы 2180 салықтық және кедендік тексерулер жүргізілген.
Нәтижесі бойынша бюджетке қосымша 3 млрд 600 млн теңгеден астам қаржы түсіпті.
«Тексеру нәтижесінде жалпы алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы 115 186,93 литр болды. Темекі өнімдерінің заңсыз айналымы - 1 537 073 қорап. Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша барлығы 5 факті бойынша 7,4 тоннаны құрады», — деді Е. Сағитов.
Брифингте облыс бойынша пәтер жалға беру қызметін көрсетумен айналысатындар жайлы да айтылды.
Бұл бағытта жеке кәсіпкер ретінде 1 790 салық төлеуші тіркелген.
Ал жолаушылар мен жүк тасымалдау қызметін көрсететін жеке кәсіпкер ретінде 2037 салық төлеуші тіркелген.
Түсіндіру жұмысының нәтижесінде жыл басынан бері 437 жеке тұлға жолаушылар мен такси тасымалдау бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкер ретінде тіркелген.