Жамбылда 140 нысан сейсмикалық қауіпті деп танылды

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында зерделеу жұмыстары барысында 140 нысанның сейсмикалық қауіптілігі анықталған. Қазіргі таңда бұл нысандар қайта нақтылануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық сәулет және қалақұрылысы басқарма басшысының міндетін атқарушы Дәулет Досановтың қатысуыменөңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.

«Жамбыл облысының сейсмотұрақтылығы 7балды құрайды. Облыс бойынша сейсмоқауіптілігі жоғары аймақтар Тараз, Жаңатас,Қаратау, Шу қалалары және Т. Рысқұлов, Жуалы, Байзақ, Қордай, Жамбыл, Меркі,Талас, Шу аудандарын қамтиды. Әлеуметтік, тұрғын үй және коммерциялық бағыттағысейсмикалық тексеруді қажет ететін нысандарды анықтау мақсатында нысандардыңтехникалық жағдайын, сейсмикалық төзімділігін зерделеу нәтижесінде 140 ғимаратанықталған»,-дейді Дәулет Досанов.

Алайда, басқарма басшысы Жамбылоблысында сейсмикалық қауіп төніп тұр деп аса үрейленудің орынсыз екендігін тілге тиек етті. Бұдан бөлек, аймақ бойыншаавтомобиль жолдары, көшелердің бойында орналасқан сауда орындары мендүңгіршектерге зерделеу жұмыстары жүргізіліпті. Нәтижесінде - 109 сауда дүкенісанитарлық-техникалық талаптарға сай болмай шыққан.

Соңғы жаңалықтар