Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментініңбаспасөз қызметі хабарлады.
«15 шілде сағат 19:10-да Қордай ауданы Жамбылауылы Мәдениет к-сі, 9 мекенжайындағы тұрғын үйде үрленбелі бассейнде 2017 жылы туған қыз бала ата-анасының қарауынсыз қалып, суға батқан. Кішкентай қыз 16 шілде сағат 07:00-де Қордай аудандық орталық ауруханасында көз жұмды»,- делінгенведомство хабарламасында.
Аталмышдепартаменттің мамандары облыс тұрғындарын суда шомылғанда абай болып,ереже-талаптарды сақтауға, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.