«1 шілде күні таңғы сағат 8.00-де Меркі ауданының Аңдас-Батыр ауылына қарасты Арал-Кишлак бөлімшесіндегі «Каскад-1» су қоймасына 53 жасар ауыл тұрғыны батып кетті. ТЖД Жедел құтқару жасағының төрт қызметкері 21.40-та азаматтың мәйітін судан алып шықты» делінген хабарламада.
Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментіндегілер қайғылы оқиға шомылуға арналмаған жерде болғанын жеткізді.
2018 жыл басталғалы бері облыстың су қоймаларында дәл осындай соңы өлімге әкеп соққан 9 оқиға тіркелген. Жамбыл облыстық ТЖД қызметкерлері мұндай жағдайлардың алдын алу және халыққа ескерту мақсатында Тараз қаласы мен облыс аумағындағы қауіпті су қоймаларында рейдтер жүргізуде.