Есірткі қылмысынақарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні «Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасыбарысында қолға түсірген.
«Қолға түскенкүдіктіден өзіне тән ерекше иісі бар өсімдік салынған төрт қап тәркіленді.Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, бұл жалпы салмағы 125 келі800 грамм «кептірілмеген марихуана» есірткісі»,-делінген облыстық полициядепартаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік,бүгінгі таңда күдікті кінәсін мойындады. Ол Шу қаласының уақытша ұстауизоляторына қамалды.
Осы іс бойынша ҚРҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.