Жамбылда балалар арасындағы суицид 3 есе көбейген

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Облыста жасөспірімдер қылмысы - 25,7%, балаларға қатысты қылмыстар - 29,1%, ал суицид - 3 есеге көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін өткен үйлестіру кеңесінің отырысында осы келеңсіз статистика айтылды.

Облыста кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 12 облыстық,қалалық және аудандық комиссия жұмыс істейді, онда 250-ден астам мәселе қаралып,1759 түрлі алдын алу іс-шарасы өткізілді. Алайда, бір де біреуінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер қаралған жоқ.

Әлсіз профилактиканың екінші себебі - ювеналдық полиция кадрларыныңтәжірибесіздігі. 202 қызметкердің 60%-ның ғана бір жылдық жұмыс өтілі бар, тек114-і ғана жоғары заңгерлік білім алған.

Үшінші себеп - жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралардыңөзгермеуі.

Сондықтан, Үйлестіру кеңесінің отырысында аталмыш үрдістіжақсарту үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланды. Біріншіден, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды анықтау және әлеуметтікоңалту жұмысын күшейту. Екіншіден, мектеп психологтары мен кәмелетке толмағандар ісіжөніндегі инспекторлардың жұмыс форматын қайта қарау. Сондай-ақ, мектеп психологтары мен инспекторларының жұмысы үшін мектептердіңоқу жоспарына жеке уақытты енгізіп, есепте тұрған балалар жеке топтарға бөлінеді.