Бүгін түнде «Сыпатай батыр» шекара заставасының аумағында ерекше жағдай орын алды. Шекарашылар түнде көретін құрылғының көмегімен біздің елге қарай өтпек болған азаматты ұстады. Оқиға сағат бірлер шамасында орын алған.
«Шекара сақшысы көрші мемлекеттің аумағынан келе жатқан бейтаныс адамды байқап, алдынан шықты. Шекара бұзушы сол заматта қолға түсті. Ұсталған адам тексеріліп жатқан кезде өзіміздің аумақ жақтан бейтаныс біреу келіп, электрлі дабыл беру қоршауының сыртында тұрып, ұсталған жігітті босату туралы өтініш айта бастады. Өтінішінен ештеңе шықпасын түсінген соң қалтасынан түйіншек шығарып, шекарашыға қарай лақтырады. Алайда, шекарашы радиостанция арқылы көмек шақыра бастаған кезде «күтіп алушы» Андас батыр ауылына қарай қашып үлгерді. Ұсталған 25 жастағы қырғызстандық болып шықты. Оқиға орнынан 5 мың теңгелік төрт купюра табылды» делінген хабарламада.
Болған жағдай жөнінде құқық қорғау және басқа да органдарға хабарланды. Тексеру жүріп жатыр.