Оқыс оқиға 11 тамыз күні болған. Бұл туралы облыстық Төтеншежағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Сағат түнгі 23:46-да Жамбыл ауданы, Қоңыртөбе ауылыныңшетінде «Ғалымжан» шаруа қожалығы аумағында шаруашылық құрылыстары мен шөпқорасы отқа оранды. Соның салдарынан 200 тонна шөп өртеніп және 90 бас малжанып кетті. Оның 67-сі сиыр, 5-уі жылқыжәне 18-і қой», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда өртің себебі анықталып жатыр.
Өрт сағат 03:34-те оқшауланып, сағат 07:04-те сөндірілген.Сөндіру жұмыстарына 37 қызметкер және 8 техника жұмылдырылған.