Жамбылда бір түнде 80-ге жуық кәмелетке толмаған жасөспірім жауапқа тартылды
Жамбыл облысы аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, оған 14 мобильді топтың мүшелері жұмылдырылды.
Жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау және алдын алу, құқыққа қайшы әрекет ететін, спирттік ішімдіктерді, психотроптық және есірткі заттарын пайдаланатын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ оларға алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сататын ересек адамдарды анықтау болып табылады.
Мобильді топтар ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтайды және ойын-сауық орындарының әкімшілері мен ата-аналарға қатысты әкімшілік жазалау шараларын қолданады.