Іс-шара әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыларды орындау, яғни ішкі істер органдарының қызметкерлері салған әкімшілік айыппұлдарды барынша өндіріп алуды көздеген.
«Алдын алу іс-шарасының бірінші күні сот орындаушыларының қаулысы бойынша мамандандырылған тұраққа 83 борышкердің көлігі жеткізілді. Тараз қаласының полиция басқармасы қызметкерлері қаладағы 737 борышкердің мекен-жайына аралап шықты», - делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ, іс-шараның екінші күнін биылғы 904 әкімшілік материал бойынша өндіріп алынған сома 8,5 миллион теңгені құрап, жалпы өндірілген сома 11 миллион теңгеден асты.