Жамбыл облысының 10 тұрғынына үйде оқшаулану тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салынды. Олар оң ПТР тест нәтижесі бола тұра қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» бойынша жұмыс істейтін нысандарда-ХҚКО, дәмхана, жоғарғы оқу орындары және т.б. нысандардың қызметтерін пайдаланған.
Азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу» бойынша 87 510 теңге (30 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жазалау шаралары қабылданды.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындардан үй карантиніндегі адамдарды оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ «ASHYQ» жобасына қатысатын кәсіпкерлер мен мекеме басшыларына жобаның талаптарын ұстануды сұрайды.
Сонымен қатар, «қызыл» мәртебесі бола тұра, 14 күндік үй карантинін бұзғандар тізімі жарияланды.
1. Элмира Тапелова – Сарысу ауданы
2. Жамилә Ақылбекова – Тараз қаласы
3. Елжан Даулет – Тараз қаласы
4. Эльмира Мусаева – Талас ауданы
5. Анара Әбдіханова – Тараз қаласы
6. Талғат Нұрбеков – Тараз қаласы
7. Айгүл Оразалиева – Тараз қаласы
8. Орунбай Каленбеков – Тараз қаласы
9. Мақсат Маханбетхан – Тараз қаласы
10. Ержан Таңатаров – Тараз қаласы