Облыстық ТЖД мәліметтеріне қарағанда, Тараз қаласында 5-қабатты тұрғын үй мен әскери бөлім шатырларын ұшып кеткен. Нұрғиса Тілендиев атындағы мектеп-интернатының ғимаратына да қолайсыз ауа райы кері әсерін тигізген.
Сондай-ақ, желден Жамбыл ауданының Айша бибі кентіндегі әскери бөлімшенің шатыры да қатты бүлінген.
«ТЖ зардап шекендер жоқ, табиға апаттан келген зиян көлемі есептеліп жатыр», - деді департаментінің баспасөз қызметі.