Жамбылда көлік апатынан жеті айда 90 адам көз жұмды

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 7 айдың ішінде 687 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оқыс оқиғадан 90 адам қаза тауып, 4000-ға жуығы әртүрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде жол-көлік оқиғаларының саныартып барады. Осы орайда, мамандар тас жолдағы көлік апатының алдын алу жәнеқауіпсіздік шараларын күшейтуді қолға алуда екен.

Өткен аптаның өзінде 8 жазатайымжағдай жолаушылар жолағында орын алыпты. Себеп жүргізушілер жылдамдықты асырапайдаланып, жолаушыларға мән бермей жолдан өтуі.

Сондай-ақ, жол апаттарыреспубликалық маңызы бар Батыс Еуропа -Батыс Қытай автодәлізінде түнгіуақыттарда жиі орын алады екен.

«Біздің облыста республикалықжаңа тас жолы жақсы салынған. Соны біздің жүргізушілер барынша пайдаланып, жылдамдықты асыра көтереді. Сондықтан жол-көлікоқиғаларының көбі түнгі уақытта, жүргізушілердің қалғып кетуінен орын алады.Сондай-ақ, бізде көлік апаты Таразқаласында жиі орын алады»,- дейді облыстық полиция департаменті жергіліктіполиция басқармасының басшысы Самат Құсайынов.

Мамандар аталмышавтодәлізде жүргізушілердің қалғыпкетуін жол-көлік оқиғаларының бірі ретінде бағалап, бұл магистральға демалатынорындар ашуды керектігін көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар