«29 жастағы азамат Қырғыз Республикасынан оралғаннан кейін 24 наурызда одан алынған талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсеткен болатын. Екі апта ішінде ол инфекциялық стационарда жатып, қажетті ем-дом шараларын қабылдады»,-делінген хабарламада.
Тұрғыннан екі рет талдау алынып, инфекцияның жоқтығы расталды. Он енді алдағы екі апта бойы дәрігерлердің бақылауымен үй карантинінде болады.