Жамбылда маска шығаратын зауыт 600 адамды жұмыспен қамтиды
Жамбыл облысындағы «Super-Pharm» фармацевтикалық зауыты 2011 жылдың желтоқсан айында үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған, бүгінде кәсіпорын отандық медициналық мекемелерді бір реттік өніммен тұрақты қамтамасыз етіп отыр.
Өндіріс ошағы жылына 15 миллионға дейін өнім шығарады.
Кәсіпорын бір реттік медициналық бұйымдар, хирургия, акушерлік, ортопедия, гинекология үшін стерильді және стерильді емес жиынтықтар, тоқылмаған материалдан жасалған жеке заттар (маска, бас киім, бахила, халат, алжапқыш, ақжайма және басқа) шығарады.
Компания өнімдерінің арасында бұласыр бұйымдар (лейкопластырь, операциядан кейінгі таңғыш, катетерді бекітуге арналған таңғыш), пластмассадан жасалған заттар және қан құюға арналған жүйелер бар.