Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Берік Жарқынбеков хабарлады.
«Облыс аумағында әрбір COVID-19 жағдайына міндетті эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі. Облыс бойынша инфекция ошақтарында 606 қарым қатынаста болған адам анықталды, оның ішінде 404 жақын және 202 ықтимал байланыста болғандар. Қарым қатынаста болған адамдарды оқшаулауға, сондай-ақ карантин жағдайында эпидемияға қарсы режимнің сақталуына бақылау жүргізіледі. Барлық жақын қарым қатынаста болған адамдар карантиндік стационарда оқшауланған, ал ықтимал байланыста болған адамдар күнделікті медициналық бақылауда болады»,-дейді департамент басшысы.
Сондай-ақ, аталған брифингте облыста соңғы тәулікте тіркелген 3 жаңа коронавирусты инфекция жағдайы туралы айтылды. Үш науқастың екеуі Жамбыл ауданынан, біреуі Қордай ауданының тұрғынынан анқыталған.
Айта кетейі, 14 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында 49 коронавирустық инфекция жағдайы тіркелген. 3 науқас ауруханадан сауығып шығарылды, әрі қарай 14 күнге үй жағдайында карантиндік бақылауда.
Қазіргі таңда инфекциялық стационарда 43 науқас, провизорлық стационарда 24 науқас емделуде.