«Жамбыл облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының спорттың олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны құрылсын. Осыған байланысты дирекцияның жарғысы бекітілсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Жамбыл облысынің әкімі Нұржан Нұржігітовтің қаулы-жобасында.
Аталған мекемені құруды көздейтін құжат 4 тамызға дейін көпшілік талқысында болады.
Кейін өңір әкімі қол қойып, ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып күшіне енеді.