Бұл туралы Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«ТаразГазӨнімдері» ЖШС шетелдік «Визон Инжиниринг ЛТД» компаниясымен бірлесіп, Қарой ауылдық округінде сұйық газды қайта өңдейтін зауыттың құрылысын бастайды. Жоба құны - 16 млрд теңге. Кәсіпорын 16 гектар аумақта орналасады. Соның арқасында 108 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде» делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жоба Жамбыл облысының индустрияландыру картасына енгізілген.
Иллюстрациялық сурет