Өңірде терроризмге қарсы операциялар аяқталған жоқ. Бұл туралы терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жамбыл облыстық жедел штабы хабарлады.
Штабтың мәліметінше, терроризмге қарсы іс-шаралар бойынша күзет, іздестіру, анықтау шаралары және блок-бекеттердің жұмысы жалғасуда.
«Террористік қауіптің «қызыл» деңгейінде құқық қорғау органдарына бірқатар әрекетке жол беріледі, оның ішінде жеке тексеріс және азаматтардың заттарын, көліктерін қарау, сондай-ақ, олардың қозғалысын уақытша шектеу немесе тыйым салу қарастырылады. Сондай-ақ, шерулер мен митингілер өткізуге тыйым салынады»,-делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары жұмысына түсіністікпен қарап, заң талаптарын сақтауды өтінді.
Терроризмге қарсы операцияның аяқталу мерзімі туралы қосымша хабарланады.