Жамбылда «Туған жер» бағдарламасымен 52 жоба жүзеге асырылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жыл басынан бері «Туған жер» бағдарламасы бойынша 52 жоба жүзеге асты. Оған жергілікті меценаттар 800 млн теңгеден астам қаржы жұмсаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бағдарлама аясында туғанжеріне тарту жасаған кәсіпкерлер саны бойынша облыстың Жамбыл, Талас және ТұрарРысқұлов ауданының атымтай жомарттары көш бастап тұр.

«Меценаттардыңкөмегімен аз қамтамасыз етілген отбасыларына 2 пәтер сыйланды. Және кәсіпқойбокстан әлем чемпионы 2 мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасына автомобилькөлігін сыйға тартты. Сондай-ақ, Тараз қаласындағы екі алея кәсіпкерлеркөмегімен жөнделіп, ел игілігіне берілді. Бүгінде ол саябақтар қала тұрғындарыжиі баратын орынға айналды»,- дейді Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі ГүлбахрамДүйсекова.