Жамбылда ұрланған жылқылар иелеріне қайтарылды

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер мал ұрыларын қолға түсіріп, ұрланған малдарды иелеріне қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

23 шілдеде Байзақ аудандықполиция бөліміне мал ұрлығы туралы хабарлама түскен. Өз арызында Кеңес ауылының44 жастағы тұрғыны жылқысын ұрлап кеткенін жеткізген. Нәтижесіндеоған 300 мың теңге көлемінде шығын келген. Ұрылар көп ұзамайқолға түсті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметімәлімеді.

«Жедел іздестіру барысында Байзақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ізінсуытпай Тараз қаласының 37 және 32 жастағы екі тұрғынын құрықтады. Күдіктілер өзкінәсін мойындап, Жуалы ауданының тұрғынына жылқы сатқанын айтты. Ұрланған жылқы иесіне қайтарылды. Осығанұқсас жағдай Құмжота ауылында да орын алып, Талас өзенінің маңында ат ұрланғаны хабарланған болатын. Бұл бойынша осыауылдың 33 және 32 жастағы тұрғындары құрықталып, жылқы иесіне қайтарылды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргітаңда аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы бойыншасотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар