Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Оқиға ағымдағы жылдың 4 шілдесінде болған.
«Жамбыл облысында "Шу-Қордай" тас жолының 58-шақырымында "Камаз 53212" маркалы автомашина тексерілді. Нәтижесінде 45 жастағы Мойынқұм ауданының тұрғыны тиісті құжаттарсыз 4 текше метр сексеуілді алып бара жатқаны анықталды» делінген хабарламада.
Бүгінде аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, сот-ботаникалық сараптама тағайындалды.
Айта кетейік, сексеуіл ағашы елімізде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер қатарына жатады.