Жуалы ауданында 63 жастағы Түркістан облысының тұрғыны түлектердің ата-анасына еліміздің академияларының біріне түсуге көмектесуге уәде беріп, еңбегі үшін алдын ала 1 200 000 теңге алған. Ақшаны алғаннан кейін тайып тұрған.
«Күдікті әйелді Жамбыл облысы криминалдық полиция қызметкерлері қолға түсірді. Оның осы секілді екі қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Жалпы шығын көлемі - 2 миллион теңге», - дейді ДП басшысының орынбасары Нұржан Қалметов.
Аталған фактілер қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Жамбыл облыстық полиция департаменті тұрғындарды алаяқтардың құрбанына айналмас үшін сақ болуға шақырады.