ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жыл басынан бері 5 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 4 адам жараланып, 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өңірдегі төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, былтыр онда 753 өрт оқиғасы тіркелген.
«Тосын оқиғалар кезінде 8 адам көз жұмды, 14 тұрғын түтіннен уланып қалды, 18 адам зардап шеккен», - деп жазды ведомстводан.
ТЖД қызметкерлері су мен өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Айта кетейік, кеше Жамбылда қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған қару-жарақтар табылғанын хабарлағанбыз.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.