Жамбылдық 110 отбасы елдің солтүстігі мен шығысына қоныс аударды

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Жамбыл облысынан 110 отбасы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай өңірлеріне қоныс аударған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ал, соңғы екі жарымжылда еліміздің солтүстігі мен шығыс аймақтарына 400-ге жуық жамбылдық отбасықоныс аударған. Бұл «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерліктідамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында жүзегеасырылуда екен.

«Қазір мемлекеттікжобаға қатысқысы келетіндер қатары артып отыр. Биыл Павлодар өңіріне 13 отбасы көшіп барды. Ал Қостанай мен СолтүстікҚазақстан облыстарына 34 отбасыдан жәнеШығыс Қазақстанға 74 адамнан тұратын 29 отбасы қоныс тепті. Олардың басымкөпшілігі жер алып, диханшылықпен айналысқысы келетіндер. Көшетін азаматқа 35 айлық есептік көрсеткішесебінде көшу субсидиясы беріледі. Ол көшетін отбасының әрбір мүшесінетөленеді. Барған жерінде өзі таңдап барған мамандығы бойынша міндетті түрдетұрақты жұмысқа орналастырылады. Ең басты мәселе көшіп барғанда баспана ұсынылады.Ол баспананы жалға алу ақысын да бір жылға дейін мемлекет төлеп береді»,- дейдіоблыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныңбөлім басшысы Ғалижан Мейірманов.

Мамандардың айтуыншаоблыстың Қордай, Байзақ, Жамбыл аудандары мен Тараз қаласының тұрғындары көшугежиі ниет білдіретін көрінеді. Биыл қабылдаушы өңірлерге 352 адам көшкен. Оның102-сі тұрақты жұмысқа орналасса, тағы 200-дей өтініш білдірген азаматтың тізімдері жасақталып, құжаттарыжинақталу үстінде екен.


Соңғы жаңалықтар