деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
«Үлкен жүк көліктерінің жүргізушілері, біздің жолдармен жүру тыныш және қауіпсіз бола бастағанын айтып отыр. Жүргізушілер көкөністер мен жемістердің еш тосқауылсыз тасымалы ұйымдастырылғаны үшін алғыс айтуда», дейді департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі, полиция полковнигі Роза Қалдыбекова.
«Қоғамдық тәртіпті қорғау, облыс жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерінің тасымалы мен жеткізілу мәселелері жамбылдық гарнизон басшысы, полиция генерал-майоры Мейірхан Жаманбаевтың айрықша бақылауына алынып отыр», деп атап көрсетті Р.Қалдыбекова.