Департамент өкілдерінің айтуынша, Шу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С. Сейдахметов жанар-жағармайлар үшін 160 млн теңге мөлшеріндегі субсидияны заңсыз бөлген.
Ауданда ең ірі мөлшердегі субсидиялар 2014-2016 жылдар аралығында «Бектібай», «Бектібай-1», «Самат» және «Еркін» шаруа қожалықтарына берілген. Тексерулер кезінде субсидияларды Сейдахметовтің жақын туыстары: ағасы, жеңгесі, әйелі және баласы алғаны анықталды.
Департамент С. Сейдахметовті жұмысынан босатты.
Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.
20:25, 17 Сәуір 2018
Жамбылдық басшы 160 миллион теңгенің субсидиясын туыстарына бөліп берген
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті Жамбыл облысында субсидиялардың заңсыз бөлінуін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.