Жамбылдық бизнес қайырымдылық қорына 1 млрд. теңгеден астам қаржы аударды
«Біздің алдымызда тұрған проблемаларды тек қана бюджет есебінен шешуге болмайды», - деп атап көрсетті облыс әкімі.
Ол әкімдік жамбылдық кәсіпкерлермен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мәселесінде қоян-қолтық жұмыс істеп жатқанын атап өтті, қайырымдылық қаражаттары ең өзекті мәселелерді шешуге жұмсалуда.
2010 жылы біз Тараз қаласының аула аумақтарын абаттандырудың үшжылдық бағдарламасын қабылдадық, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен 65 аула абаттандырылды. 2011 жылы тағы 100 ауланы қамтитын боламыз, бұл мақсатқа демеушілеріміздің 300 млн. теңгеден астам қаржысын жұмсаймыз», - деді Қ.Бозымбаев.
Сондай-ақ жамбылдық кәсіпкерлердің көмегі арқасында үйлердің төбелері жөнделуде, Тараз қаласының орталық алаңы жаңғыртылуда, «Айша бибі» және «Бабаджа-қатын» кесенелері кешендерін абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, «Һибатолла Тарази» мешіті мен медресесін жаңғыртуға 231 млн. теңге бағытталды», - деді ол.
Облыс басшысы Қ.Бозымбаев игі бастамаларға қолдау көрсеткені үшін жамбылдық бизнес-қоғамдастыққа алғысын білдірді.