Жамбылдық колледж студенттеріне келешек жұмыс орындары көрсетілді
05:59, 25 Қыркүйек 2016
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі.
Мереке қарсаңында Жамбыл облысында жастарды еңбекке, әсіресе жұмысшы мамандықтарының кәсіби еңбектеріне құрметпеу қарауға үйретуге бағытталған іс-шаралар өтуде. Өңірдің кәсіпкерлік палатасы «Жастарды еңбекпен қамту» онкүндігін ұйымдастырып, оның шеңберінде колледж студенттері үшін кәсіпорындарға экскурсиялар жасалды.
«Биыл 5 колледж студенттері үшін экскурсиялар ұйымдастырылды. 2015 жылы 800 қатысушыны қамти отырып, 32 кәсіпорында болдық», - деп атап өтті Жамбыл облысы бойынша Кәсіпкерлік палатасының өкілі Бағила Абдулдаева.
Мәселен, жамбылдық жастар «Айвенго» тігін фирмасында, «Rola-7» макарон өндіру кәсіпорнында, «ЖамбылНедр» ЖШС-да, «Минералды тыңайтқыштар зауытында», «Еурохим-Қаратау» ЖШС-да болып қайтты.