Бүгін Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы «Мыңарал Тас Компани» ЖШС Мыңарал цемент зауытынан Шахан кентінде орын алған төтенше жағдайдан зардап шеккен тұлғаларға көмек қорына бір вагон цемент жіберді.
Гуманитарлық жүк Мойынқұм ауданы Мыңарал стансасынан жөнелтілді.
Кәсіпорындарға қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін 68 тонна құрылыс материалдары бөлінді.
Еске салсақ, ағымдағы жылы бірінші қаңтарда Шаханда 60 пәтерлік тұрғын үй кіреберістерінің бірінің жертөлесінде бу қазандығы жарылды, салдарынан кіреберіс құлады. 9 адам қаза тапты, 15 пәтер зардап шекті. Қалған тұрғындар эвакуацияланды.