Жамбылдық құрылысшылар Арыстағы 300 үйді пайдалануға берді

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбылдық құрылысшылар Арыс қаласындағы 300 үйді жөндеп, пайдалануға беріп үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Арысқаласының аумағы 17 секторға бөлінген болса, Жамбыл облысына 3-ші сектордағы 11көшеде орналасқан 312 жеке тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жүктелген.

Бүгінде облысқатиесілі бөліністегі орналасқан 312 жеке тұрғын үйдің 2-уі қайтасоғылып жатыр. Қалған 310 тұрғын үйдің 300-інде жөндеу жұмыстары аяқталып, 12тұрғын үй бойынша қалпына келтіру шаралары атқарылуда.

3-ші сектор бойынша Жамбыл облысынан 4 құрылыс компаниясы, 10 технадзороның 5-уі Түркістан облысы әкімдігі тарапынан және 500-ге жуық құрылысшы, 20техника жұмылдырылған.

Сондай-ақ, облыстық білімбасқармасының мәліметінше, бұған дейін Арыс қаласының 423 баласы Жамбылдағыжазғы сауықтыру лагерлерінде демалған. Қазіргі таңда арыстық 25 бала жазғы демалыстарын өңір лагеріндеқызықты өткеруде.