Жамбылдық құрылысшыларға тапсырыс көбейді

None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараздағы облыстық қан орталығының құрылысы 2008 басталған болатын, осы нысанға бөлінген төрт млрд. теңгенің бүгінгі күні 170 млн. теңгесі игерілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бас мердігер тараздық «Бином» ЖШС.Құрылыс алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев болды. Құрылысшылармен кездесу кезінде ол Жамбыл облысы аумағында «Бином» серіктестігі орындап жатқан мердігерлік жұмысқа дағдарыстың кері әсері болды ма және бүгінгі күні жамбылдық құрылысшылар өз фирмаларының қаржылық ахуалын қалай бағалап отыр, - деген сауалдар қойды. «Тапсырыстар бізде жеткілікті, - деп жауап берді «Бином» ЖШС жетекшісі Серік Олжабаев. ? Тапсырыстар Жол картасы инвестициялық бағыттары бойынша және одан тыс жағдайда түсіп жатыр. Дағдарысқа қарамастан бізде жұмыс ауқымы көбейе түсті. Өмір бір орында тұрған жоқ. Егер жақсы және адал жұмыс жасасақ, ірі тапсырыстар қабылдап, көлемді пайда табамыз».