Жамбылдық макарондарды Ресей мен Қытайға экспорттау жоспарлануда

None
 ТАРАЗ. ҚазАқпарат - 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламасы аясында жоспарланған 12 жобаның алғашқысы Жамбыл облысында іске қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Бүгін Байзақ ауданы Қызыл Жұлдыз ауылында «С.П. «Ролла-Ян» ЖШС макарон цехының жаңғыртылған автоматты желісі арқылы «С.П. «Ролла-Ян» ЖШС-ның DL-650X ұзын кеспесін өндіру басталды.

Жобаның құны 285 млн теңгені құрайды, қуаты жылына 9 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы.

Жаңа өндірістің іске қосылуына орай, жергілікті тұрғындардың 60-қа жуығы тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.

Бұл өнім экспортқа бағдарланған. Еліміздің ішінде де, Ресей мен Қытай нарығында да таралады деп жоспарлануда.

«Бүгін индустриализация бағдарламасының аясында «С.П. «Ролла-Ян» ЖШС-ның - «Макарон цехын жаңғырту, кеспе шығару бойынша автоматты желісі» атты жобаны ашып жатырмыз, - деді жобаның ашылуында облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке.

«XINJFANG XINYA MECHAN - ЕLЕСТRО EQUIPMENT СО.LTD» Қытай фирмасының инновациялық желісінің құрылғысы мен монтажы басқа компаниялар арасындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруіне мүмкіндік береді».