Жамбылдық педагогтарға бос орындар жәрмеңкесінде 278 жұмыс орны ұсынылды

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Білім қызметкерлері жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін Таразда бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бос орындар жәрмеңкесіне педагогикалық жоғарыоқу орындары мен колледжердің жұмыс іздеп жүрген 400-ге жуық түлегі қатысты.Олар колледжерде, мектептер мен балабақшаларда 278 бос орын ұсынған біліммекемелерінің 78 өкілімен кездесті.

Айта кету керек, соңғы бірнеше жылдың ішіндеЖамбыл облысының білім мекемелерінде бастауыш сынып, орыс тілі және әдебиеті,химия, физика, математика, ағылшын тілі пәндерінің ұстаздары жетіспейді.Кадрлық жетіспеушілік әсіресе орыс тілді білім беретін мектептер мен алыстағыелді мекендердегі шағын мектептерде сезіледі. Мойынқұм, Қордай, Шу, Таласаудандарының мектептерінде кадрға деген зәрілк өте зор.

«Бүгінде көпшілікті педагогикалық кадрлардыңкәсібилігі мен дайындығының деңгейі мазалайды. Білім сапасы тікелей соларғабайланысты. Кез келген жұмыс беруші қызметкерінің еңбек өтілінің болғанын қалареді. Алайда студенттердің әзірге ондай мүмкіндігі жоқ. Сондықтан олар үшін«Еңбек» мемлекеттік бағларламасы қарастырылған», - деді Тараз қаласы жұмыспенқамту орталығының директоры Бауыржан Төлегенов.

Бүгін қала және облыс аудандары әкімдерінежамбылдық мектептердің түлектерімен оларды педагогикалық мамандықтарға тартубойынша жұмысты күшейтуге кеңес берілді. Жаңа білім стандартының талаптарынасәйкес облыс мектептерін педагогикалық кадрлармен қамту және дайындау бойынша 2025 жылға дейінгі Жол картасыәзірленіп жатыр.

Алдағы үш жылда Жамбылдың білім саласындақосымша 1200 мұғалім қажет болады деп күтіледі.


Авторы: Галина Скрипник

Соңғы жаңалықтар