Жамбылдық полицейлер 50 келіден астам есірткі тәркіледі

None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбылдық полицейлер жақында жүргізілген операциялардың бірінде заңсыз айналымнан 50 келіден астам есірткі тәркіледі,

оның ішінде 300 грамнан астам героин да бар. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жедел ақпарлар бойынша, есірткі бизнесімен күрес жөніндегі бөлімнің қызметкерлері Таразда 15 қаңтарда арнайы операция кезінде облыс орталығының 24 жастағы тұрғынын ұстап, одан жалпы салмағы 309,2 грамм героин тәркіледі.

Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі «Дельта-Долина» аймақаралық бөлімінің қызметкерлері сол күні Шу ауданында тағы бір адамды ұстады. «Ақтам» учаскесінде ұсталған, еш жерде жұмыс істемейтін Шу қаласының 39 жастағы тұрғынынан 51,3 келі марихуана және 8,5 грамдай гашиш тәркіленді.

Екі есірткі саудагері де абақтыға жабылды, қазір тергеу амалдары жүргізілуде.