Жамбылдық полицейлер 77 жастағы велосипедшіні көлікпен қағып өлтірген жүргізушіні ұстады
10:41, 12 Желтоқсан 2012
ТАРАЗ. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жамбылдық полицейлер 77 жастағы велосипедшіні көлікпен қағып өлтірген жүргізушіні ұстады,
деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Байзақ ауданыны аумағындағы «Тараз-Мырзатай» тас жолының 4-ші шақырымында Байзақ ауданына қарасты Көктал ауылының 77 жастағы тұрғынын көлік қақты.
Велосипедші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды. Жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан.
Жедел-іздеу шараларын өткізу барысында облыстық ІІД жол полициясы басқармасының, Байзақ АІІБ қылмыстық полициясы бөлімінің қызметкерлері бұл оқиғадағы кінәліні тапты. Ол Тараз қаласының жұмыссыз, бұрын сотталмаған азаматы болып шықты, ол өз кінәсін мойындады.
Көлік тұраққа қойылды. ҚР ҚК-нің 296 бабының 2 бөлімімен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды құқық қорғау ведомствосының баспасөз қызметінен.