Жамбылдық полицейлер ауыл тұрғынынан 50 келіден астам есірткі тәркіледі
18:18, 12 Тамыз 2023
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шу ауданында жабайы қарасора өсетін жерлерде есірткі дайындау кезінде бұрын сотты болған 39 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аймақтағы полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіден 50,3 келі кептірілген марихуана және каннабис өсімдігі есірткі құралдары тәркіленген.
«Жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысы полиция департаменті, Ұлттық ұланның «Бүркіт» АМБ қызметкерлері Теа атты қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып жүргізді.
Ұсталған адам кінәсін мойындап, Шу қаласының УҰИ-ға қамауға алынды. Қылмыстық Кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп жазды ведомстводан.