Жамбылдық полицейлер дауылдан зардап шеккен облыс аудандарының тұрғындарына көмекке 1 млн.-нан астам теңге жинады

ТАРАЗ. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Жамбылдық полицейлер 12 қаңтар күні дауылдан зардап шеккен облыс аудандарының тұрғындарына көмекке қаражат жинады, деп хабарланды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Жамбыл облысы бойынша ІІД-нің бастығы, полиция полковнигі Бекет Аймағамбетовтың бастамасымен 1 млн. 160 мың теңге мөлшерінде қаражат жиналды. Бұл қаражатқа бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер сатып алынды.

Көмек көрсету бойынша ІІД ұйымдастыру штабы Сарысу және Талас АІІБ-ның ғимараттарында орналасты, оған ІІБ-нің ардагерлері, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылар шақырылды, деп хабарланды құқық қорғау ведомствосының баспасөз қызметінен.