«Күдіктіні тексеру барысында жалпы салмағы 194 келі каннабис өсімдігі, 4 келі 800 гр кептірілген марихуана және 4 грамнан астам каннабис шайыры табылып, тәркіленді. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», - деп мәлімдеді ведомстводан.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін өңірде 500 мыңнан астам АҚШ долларын заңсыз әкетпек болған адам ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.