Коронавирустық инфекцияға байланысты төтенше жағдай кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері жаяу патрульге көшіп, оған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің және Тараз гарнизонының әскери полициясының қосымша күштері жұмылдырылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Департаменттің мұндағы мақсаты – көшелерде және қоғамдық орындарда құқық бұзушылық фактілерін жедел анықтау, олардың алдын алу мен ескерту.
«Жаяу патрульдің құрамына бір полиция офицері және екі әскери қызметші кіреді. Жаяу патрульдер өзіне сеніп тапсырылған аумақтың барлық периметрі бойынша, көлік үшін жету қиын жерлерді қоса алғанда, жағдайды көз алдында ұстауы тиіс. Олар карантин кезінде азаматтардың қозғалысының заңдылығын қадағалайды, олардың үйден шығу себептерін анықтайды. Жамбыл облысының полиция департаменті азаматтарды карантин режимін қатаң сақтауға шақырады»,-делінген ведомство хабарламасында.