Жамбылдық полицейлерге 131 жаңа көлік берілді

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық полиция департаментінің аудандық учаскелік инспекторларына 131 жаңа қызметтік автокөліктің кілті табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық«Достық» алаңында өткен салтанатты шараға Жамбылоблысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров қатысты. Су жаңа қызметтік көліктерге ие болған полиция қызметкерлері өзкезегінде Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ант берді.

«Жергілікті атқарушыорган тарапынан қоғамдық тәртіпті сақтауға бөлінетін қаржы көлемі жылдан жылғаұлғайып келеді және оң нәтижесін беруде. Облыста биыл тіркелген қылмыс саны 9,2 пайызға төмендеді.Дегенмен, жол-көлік оқиғаларының 10 пайызға өсуі бізді алаңдатады. Осы тұрғыдаполиция қызметкерлерін материалдық-техникалық жабдықтау - қылмыстың санын азайтуға септігін тигізеді деп ойлаймыз»,- деді НұржанСәбитұлы өз сөзінде.

Айтакетейік, жергілікті бюджеттен соңғы үш жылда облыстық полиция департаментінқаржыландыруға 19 миллиард теңге қаражат бөлінсе, биыл облыстық бюджеттенбөлінген қаражат көлемі - 9,2 миллиард теңге. Сондай-ақ, биыл полиция департаментінматериалдық-техникалық жабдықтау, оныңішінде автокөлік құралдарын сатып алу үшін 486 миллион тенге қаралған.

«Бүгінпайдалануға берілген 131 автокөліктің 115-і - «Нива», 16-сы - УАЗ. Бұл көліктер арқылы 10 ауданның жетеуініңқажеттілігі толығымен өтелмек. Жоспар бойынша, келер жылы облыс бойынша барлыққажеттілік қамтамасыз етіледі»,-дейді облыстық полициядепартаментінің басшысы Арман Оразалиев.

Соңғы жаңалықтар